Таразда қойма өртенді

0 9

Тараз қаласында, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында қойма өртке оранды. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлім болғандай, базардың аумағында 350 шаршы метр алаңда қоймада өрт тұтанған. Себебі анықталып жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын сағат 10.05-те өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.