Жамбыл облысында балалар балабақшамен 100% қамтылады

0 8

Ағымдағы жылы өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жекеменшік балабақша үлесі 31,4% құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% артық. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 3-6 жас аралығында 98%-ға артса, жыл соңына дейін 100%-ға қамтылады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

№30 мектеп-гимназиясында мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің бірлестік отырысы өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында ұйымдастырылған отырысқа облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырова, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі білім беруге жауапты мамандары, әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері қатысты.

Сонымен қатар, бірлестік отырысының жұмысы білім басқармасының әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн көрсетіліп, 4 мыңға жуық педагог тікелей байланыс арқылы қосылды. 

Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беретін мекеме саны 545-ке жетті. Онда 55207 бала тәрбиеленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.