Жамбыл облысында экстремистік сипаттағы әдебиетке тосқауыл қойылды

0 1

Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысында полиция қызметкерлерімен діни бағыттағы 34 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 16 дерегі ҚР аумағымен шекаралас мемлекеттер азаматтарының тыйым салынған экстремистік сипаттағы әдебиеттерді заңсыз әкелуіне қатысты болып отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, қазақстандық сот органдарымен тыйым салынған діни мазмұндағы әдебиетті ҚР аумағына әкелу деректерін анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізуде. Жалпы саны 27-ден аса экстремистік мазмұндағы кітап тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша тыйым салынған экстремистік әдебиетті ҚР аумағына әкелу Қырғызстан Республикасының- 14 азаматы, Ресей мен Өзбекстаннан екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 800 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Мәселен, 23 маусымда Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Қырғызстан Республикасының 52 жастағы әйел азаматы ұсталды. Еліміздің аумағына өту кезінде одан экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып тәркіленді.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 453- бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Меркі аудандық сотымен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.