Жамбылға жаңа әкім тағайындалды

0 6

Бүгін ҚР Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Сәкен Арубаев Қаланұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданға арнайы барған облыс әкімі Асқар Мырзаxметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Аймақ басшысы ауданның облыс орталығына жақындығына көңіл бөліп, ауданның экономикасын көтеруде, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық саласын дамытуға барынша ден қою керектігін баса айтты.

Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына қосалқы шаруашылықты шалқытып, әлеуметтік мәселелерді оңынан шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.