Таразда көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды

0 2

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда бұған дейін коронавирус ауруына шалдыққан 86 жастағы әйел анықталған «Қарасу алқабы» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Қазір ол инфекциялық стационарда ем алуда.

Эпидемиологиялық тексеру барысында азаматша 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. 5 байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге орналастырылды.

Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді. Осы подъездегі пәтерлердің 27 тұрғынынына 14 күнге оқшауланып, өз пәтерлерінен шығуға тыйым салынды. Олармен тиісті мамандар әңгімелесулер жүргізіліп, өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығын түсіндірді. Подъезде полиция қызметкерлері кезекшілік етеуде.

Тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.