«Таразэнергоорталық»  мекемесі 250 отбасына көмек қолын созды

0 4

Жамбыл облысында «Біз біргеміз» Республикалық акциясы аясында «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының ұжымы Тараз қаласындағы жалғыз басты қариялар мен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созды. Шара барысында 250 отбасына күнделікті тұрмыстық заттар мен азық-түлік салынған қораптар таратылды  , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясына үн қосу мақсатында осынау ізгілікті тірлікті қолға алып жатырмыз. Бірде-бір адам, бірде-бір отбасы азық-түліктен тарықпаса екен дейміз.Бірлік бар жерде-тірлік бар. Бұл сынақ та артта қалады. халқымыздың Ертең көрген түстей бұл сынақта өте шығады.  Біздің кәсіпорын қайырымдылық шараларынан шет қалған емес. Былтыр Тектұрмас әулие бабаның басынан этно-тарихи кешен ашылар кезде де электр желісін тегін тартып, жарықпен қамтамасыз еттік. Қазір де электр қуатын тегін жеткізіп беріп отырмыз, – деді «BB FUTURE ENERGY COMPANY» инвестициялық компаниясының президенті, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов.

Сонымен қатар  бүгін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне де осындай көмек көрсетілді. Ерекше атап өтерлігі орталық қарттарды жарық және жылумен тегін қамтымақ. Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарына жасалып жатқан мұндай көмек алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.