Таразда қоғамдық көлік жұмысы қайта жандана бастайды

0
640

Жақын күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарлануда. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады , деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршруттық автобустар мен парктерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер өз қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады.

Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіре алады, жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс.

Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сондай-ақ, маршруттың аяқталуы бойынша аялдау кезінде көлік құралдарының салондарын барынша желдету, дезинфекциялық сүлгілермен немесе ерітінділерімен терезе, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды және өзге де беттерді сүрту керек.

Ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік міндетті түрде дезинфекциялаудан өтуі тиіс. Аялдама кешендерін, автопарктерді өңдеу күніне кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс.

Арнайы мониторингтік топтар осы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here