Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

0 0
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бейнеконференция режимінде кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу, ауылдарды абаттандыру мәселелерін көтерді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев мәдени саланың дамуындағы мәселелерге алаңдаулы. Шу ауданында кейбір елді мекендердегі ауылдық клубтардың ғимараттары апатты жағдайда десек, мәдениет үйлерінің жұмысы ойдағыдай емес.

Облыс әкімі композитор көтерген мәселелерге айрықша назар аудару керектігін атап өтті. Ағымдағы жылы аудандағы Абай ауылында 100 адамға арналған клуб салынуда, аудандық Мәдениет үйі жөнделуде, Көктөбе ауылындағы Мәдениет үйі газдандырылуда. Қонаев ауылында Мәдениет үйін, Ақсу мен Далақайнар ауылдық округтерінде ауылдық клубтардың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
Бердібек Сапарбаев Төле би ауылында мәдениет, шығармашылық және білім саласын дамыту жобасы аясында үлкен орталық салынып жатқандығын айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.