Қажымұқан Мұнайтпасұлының Қазақ ССР Жоғарғы Советіне жазған өтініш хаты

0 3

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевқа мен, Қажымұқаннан

АРЫЗ

Мен өмірімнің 55 жылын күреске арнадым. Талай рет өлім аузында болдым. Қазір жасым 75-те. Менің қазіргі тұрмыс жағдайым нашар. Шәуілдір аудандық ұйымдарының маған көрсетіп отырған жәрдемі жеткіліксіз. Үнемі көрсетіп отырған жәрдемі жоқ, кейде аудандық сауда бөлімі 1-2 пұт астық береді. Сондай-ақ, маған Шаян ауданының жақын колхоздары мен совхоздары көмектесуде.
Өткен жылы мен Қорғаныс қорына 100 мың сом ақша бердім. Ал осы жылдың мартында Қорғаныс қоры үшін 3-4 гектар жерге жүгері сепкен едім. Қазір соны бес жасар ұлым екеуміз баптаудамыз.

Қазақстанның 25 жылдық мерекесіне дайындық жұмыстарында менің есімім аталмайды. Қазір маған көрші Өзбекстанға көшіп кетсем бе деген ой келеді. Мүмкін, олар тым болмағанда бір көшесін менің атыммен атар ма еді? Сондықтан да Сізден Өзбекстанға көшуіме рұқсат етуіңізді сұраймын.

26 июнь, 1945 ж.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.