Күйеудің тегін алған дұрыс па?

0 26

 Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Кімде кім өзін өз әкесіне емес, өзгеге қатысты етсе … Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағнеті соған болсын» делінген хадисі. Әрі Пайғамбарымызға бала боп жүрген Зәйдтің кейін Алланың бұйрығымен Зәйд ибн Мұхаммед емес, Зәйд ибн Хариса деп аталғанын да білесіздер.
Алайда кейбір ғұламалар таныту мақсатында күйеуінің фамилиясын алғанның айыбы жоқ дейтін көрінеді. Соңғы шешім адамдардың өзінде, әрине.
Біздің қазақ дәстүрінде де келіннің күйеуінің тегін алу үрдісі болмаған. Тек «Пәленбайдың келіні» дей келіп, шыққан тегін де айта кеткен. Фамилия ауыстыру бізге кеңестік кезеңде орыстардан келген секілді. Әйтпесе, қай қазақ келіні атасының атын атаушы еді?
Айтпақшы, жақында мынандай бір оқиғаны естіп таңғалдым. Біздің Талдықорған жақтың бір ауылына Қытайдан қазақтар көшіп келсе керек. Содан келіні кішкентай ұлын алып, құжаттарын жасатуға қалаға келмей ме? Қызмет көрсетуші келіннен фамилиясын сұрайды. Ол үндемейді. «Ұмытып қалдың ба?» десе, басын шайқайды. «Атаңның атын айтшы» деп жанына ерген кішкентай баласына жалтақтай қарайды дейді. Бала да айта қоймайды. Ақыры қанша қолқалап, «ешкім естіп тұрған жоқ қой, фамилияңды айта бер» десе де, әлгі келін құжаттарын реттемеген күйі ауылына қайтып кетіпті. Ертеңіне ересек баласын ертіп қайта келген екен. Қазақта атасының атын атаудан тартынатын осындай әдепті келіндер әлі де бар екен… 

Leave A Reply

Your email address will not be published.