Сталиннің баласына «2»-лік баға қойған ұстаз…

Сталиннің баласына "2"-лік баға қойған ұстаз…

0 2 206

Сталиннің баласы Василий элиталық гимназияда оқыған.Василий сабақ оқымағанымен қоймай,тәртіпсіз ерке болады.

Басқа мұғалімдер үндемей жүрседе, тарих пәнінің мұғалімі шыдамай күнделігіне «2» лік баға қояды.Гимназия директоры оны біліп тарих пәнінің мұғалімін жұмыстан шығарып жібереді.

Болған жағдайды мұғалім Сталинге хат түрінде жазып салып жібереді.2 күннен кейін жұмыстан шығып қалған мұғалім үйіне НКВД өкілі келіп есік қаққанда мұғалім біткен жерім осы деп қорқып кетеді.

Алайда өкіл оның қолына хат ұстатып кетіп қалады,хатты ашып қарағанда Сталин мұғалімге риза болғанын, баласының тәртібіне қаттырақ болу қажеттілігі айтылады.

Сол күні мектебіне қайта шақырту келіп, қызметіне ұстаз қайта оралады.

Әділбек Өмірзақов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.