Түсіңізде су (өзен-көл) көрсеңіз…

0 79 773

Мұсылманша түс жору:

Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

Ванга түс жоруы бойынша – су

  • Су – өзгерістің, ұмытудың , қиындықтың шешілуінің , жаңарудың жəне алға басудыңбелгісі.
  • Таза салқын су ішу – өмір жаңарып, айналадағы адамдардың көбімен сіз де тазарып, қайта туасыз.
  • Үстіңізден шелектеп су төгілсе – қарсыласуға келмейтін ықпалдың астында қаласыз.
  • Лай суды көру – қайғы, адамдармен арадағы қиындық. Сабырлы болмасаңыз, жаныңызды лайықсыз дүниелермен улап алуыңыз мүмкін.
  • Үйіңізді су басса – көптеген жаңалықтарға көмілесіз,оның біреуі сіздің өміріңізді, адамдармен қарым-қатынасыңызды түбегейлі өзгертуі мүмкін.
  • Суға бату – істердің өз ретімен жүруіне қарсыласу, нәтижесінде денсаулықты құртып, өмір жасын қысқарту.
Leave A Reply

Your email address will not be published.