Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Президенттік миль» жеңіл атлетикалық жүгірісі өтті

0
46

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Президенттік миль» жеңілатлетикалық жүгірісі өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жұмылып ұйымдастырған спорттық шараға, жалпы алғанда 500-ден астам адам қатысты. Акцияның мақсаты – халықты салауатты өмір салтына жұмылдыру, сонымен қатар спорт пен дене шынықтыруды дамыту.

Жарыс «Достық» алаңынан бастау алып, ҚР Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін Төле би даңғылының бойымен өтті.

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев акцияға қатысушыларды, жиылған көпшілікті аталмыш шарамен құттықтап өтті.

Тұңғыш бестікте келген жүлдегерлер Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here