Сарысу ауданында волейболдан турнир ұйымдастырылды

0
10

Сарысу ауданында 1 наурыз — «Nur Оtan» партиясының күніне орай партия аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Турнирді ашу үшін сөз партия аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Арыстанұлы Бегеев берілді. Сонымен қатар, партияның ардагері, Сарысу ауданының «Құрметті азаматы» Тыныштық  Бектөреева құттықтау сөз сөйлеп, жиылған көпшілікті мерекелерімен құттықтады.

Ашылу салтанатының соңында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек  Есмұрзаев партия күніне орай бірқатар партия белсенділерін марапаттады.

Турнирге 16 бастауыш партия ұйымдарынан 16 команда қатысып, I — орынды «Наурыз», II — орынды «С.Мұқанов», III — орынды «Түркістан» бастауыш партия ұйымдары иеленіп, арнайы димломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тартысты додада үздік ойын үлгісін көрсеткен бірқатар ойыншылар мадақталды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here