Сарысу ауданының Қырғызбаевтар жанұясы облыста бірінші орын алды

0 3

«Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» ойындары 2020 жылдың 5-ші маусым күні «Тараз-Арена» спорт сарайында «Сөзден-іске» жобасы аясында ұйымдастырылған 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» ойындары өтті.  Сарысу ауданының Қырғызбаевтар жанұясы облыста бірінші орын алды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Чемпиондық атақты сарапқа салуға Тараз қаласы мен аудандардан іріктелген жалпы саны 11 спорттық жанұя қатысты.
Жарыс нәтижесі:

1 орын: Сарысу ауданы, «Қырғызбаевтар» жанұясы.
2: Тараз қаласы, «Есатовтар» жанұясы.
3 орын Т.Рысқұлов ауданы, «Тілеубековтар» жанұясы.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубок, медаль, дипломдармен сонымен қатар демеушілер есебінен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.