Бүгін Хорватия астанасы Загреб қаласында «Zagreb Open» рейтингілік турнирі басталады, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл — биылғы жылғы алғашқы рейтингілік жарыс.
Халықаралық турнирге Азамат Дәулетбеков бастаған бірқатар балуан қатысады. Сондай-ақ аталған жарыста әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) боз кілемге шығады.
Азамат Дәулетбеков 1994 жылы дүниеге келген. 2022, 2023 жылдары өткен әлем чемпионатында қола алған. Ал, Азия чемпионатында 2022, 2023 жылдардары жеңіс тұғырына көтерілсе, 2017 жылы күміс, 2018 жылы қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ биыл 6-9 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында кезекті рейтингілік турнир ұйымдастырылады.
11-16 сәуір аралығында балуандар Қырғыз елінің астанасы Бішкекте өтетін жыл сайынғы Азия біріншілігінде де рейтингілік ұпайлар үшін күреседі.
Айта кетсек, еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты.