Чемпиондар лигасы: «Бавария» финалда сынға түседі

0 1

UEFA Чемпиондар лигасы 2020/2021 жылғы кезеңінің финалында қай командалардың сынға түсетіні толықтай анықталды, — деп хабарлайды деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Германияның «Бавария» және Францияның «Лион» командалары кездесті. Жанкүйерлер жеңіске неміс клубы жетеді деген болжам жасап қойған еді.

Тәжірибелі ұжымның қатарында саналатын «Бавария» бұл жолы да сыр берген жоқ. Француз футболшылары алғашқы минуттарда басымдығын байқатты. Уақыт өте келе неміс командасы тізгінді өз қолына алды.

«Бавария» сапынан жас шабуылшы Серж Гнабри еңбекқорлығымен көзге түсті. Ол 18 және 33-минуттарында қос голдың авторы атанды.

Екінші кезеңде ойын алма-кезек шабуылымен өрбіді. Десе де екі команда тарапынан гол соғатын көптеген мүмкіндіктер босқа кетті. Ойынның 88-минутында «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски кездесудің нүктесін қойды. Осылайша «Бавария» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Бұдан бұрын Францияның «Пари Сен-Жермен» командасы Германияның «Лейпциг» клубынан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша франциялық футболшылар финалға жолдама алды.

Айта кетер болсақ, Чемпиондар лигасының ширек финалынан бастап қалған бөлігі Португалия астанасы — Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Ол сегіздік финалы форматында ойналуда. Финал 23 тамызда өткізіледі. Онда «Бавария» және «Пари Сен-Жермен» командалары сынға түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.