«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

0 33

— «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің юеделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.