Әлемде тұңғыш жасанды интеллект-министр Албанияда тағайындалды

0 5

Албанияда мемлекеттік сатып алуларды қадағалайтын жасанды интеллект-министр қызметке кірісті. Ол Diella деп аталады (албан тілінде «күн» деген мағынаны білдіреді). Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлім етті, деп хабарлайды Politico.

Раманың айтуынша, мемлекеттік тендерлер бойынша шешімдер кезең-кезеңімен министрліктерден Diella-ның құзырына беріледі.

«Нәтижесінде Албания мемлекеттік тендерлері 100% сыбайлас жемқорлықтан арылған елге айналады. Барлық мемлекеттік қаражат ашық әрі толықтай бақылауда болады. Бұл — ғылыми фантастика емес», — деді премьер.

Жасанды интеллект Diella-ны албан халқы жақсы таниды. Ол қазірдің өзінде ұлттық электронды мемлекеттік қызметтер жүйесі — e-Albania-ны басқарып отыр.

Жасанды интеллекттің аватарында дәстүрлі албан киіміндегі жас қыз бейнеленген.

Айта кетейік, Албанияның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғанын жазғанбыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.