Жыл басынан елде неше фильм түсірілді

0 5

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті осы жылы елде түсірілген фильмдерге қатысты түсінік берді.

— Биыл мемлекеттің қолдаумен Кино орталығы арқылы 15 киножоба түсірілімге жіберілді, — делінген Мәдениет комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Олардың ішінде:

8 көркем фильм: «Ақжелең», «Бүркітші», «Дни», «Кенжем қайда?», «38», «Тревожная ночь», «Сағындым сені», «Мұғалім»;

2 деректі фильм: «Венера. Баладан – бақ, қамыстан – құт», «Батыл бол»;

3 анимациялық фильм: «Адамзатқа іздеу саламын», «Жібек», «Команда А.».

Сонымен қатар, түсірілімде өткен жылдан өтпелі 2 киножоба бар, яғни «Победителей видно на старте» (бірлескен жоба) көркем фильмі, «Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі бар.

— Қазірге дейін жоғарыда аталған 5 көркем фильмнің түсірілім жұмыстары бітіп, олардың толық аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 1 деректі фильмнің түсірілімі толық аяқталып, қалған киножобалар әлі өндірісте, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті елімізде фильмді қазақ тілінде дубляждау көрсеткішіне қатысты түсінік берді.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.