Аудан бойынша 2026 жылы 301 750 гектар ерекше қауіпті зиянкестерге мониторингтік тексеру жүргізілді.
Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу 15 270 гектар алқапта жүргізілуде.
Оның ішінде 5 270 гектар жер үсті тәсілімен, қалған 10 000 гектар әуе жолымен өңдеуге жатады.
Жалпы алғанда, үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары ауданның 6 әкімшілік аумағында (Жаңаталап, Игілік, Жайылма, Түркістан, Қамқалы, Тоғызкент а/о) жүргізілуде.
1) Марокко шегірткесіне қарсы – 320 гектар аумақта ағымдағы жылдың 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында толығымен химиялық өңдеу толығымен жүргізіліп, аяқталды.
2) Итальян прусына қарсы – 6 950 гектар. Итальян прусына қарсы өңдеу жұмысатары жоспарға сәйкес және күнделікті мониторинг жұмыстарына сәйкес атқарылуда.
Бұл жұмыстарға 2 арнайы бүріккіш техника, 1 жеңіл авиация борты (ұшақ) келеді. Зерттеу және күрес шараларына 25 маман тартылған.
3) Азиялық шегірткеге қарсы – 8 000 гектар. Азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары дәрнәсілдер жаппай туу және қанаттану кезеңінде жүргізіледі.
Саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен, ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп 3 210 га алқапта жүргізіледі.
Саяқ шегірткеге қарсы – жеке шаруақожалықтар 375 га, мемлекеттік жер қоры 2 835 га аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.