Аймақта Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде өңірді мекендеген этнос өкілдерінің 77,8 пайызы қазақ тілін меңгерген.
Өңірде әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 90,84%. Олардың ішінде этнос өкілдерінің 77,8% қазақ тілін меңгерген. Аталған бағытта мемлекеттік тілді үйрететін Тілдерді оқыту орталығында 43 адам жұмыс істейді. Бұдан бөлек тіл оқытудың жол картасы да әзірленген. Онда 1825 тыңдаушы оқу курсымен қамтылыпты. Ана тілін үйренушілердің 84 пайызы 1355-і өзге ұлттың өкілдері болса, 212 тыңдаушы ағылшын тілін меңгеріп шыққан. Қазақ тілін күнделікті өмірде қолданысқа енгізу мақсатында орталықтың «YouTube» каналында ай сайын, этностардың мемлекеттік тілді үйренуіне арналған «KazStart» (Қазақша сөйлеп баста!), этнос өкілдерінің белсенді азаматтарын тарта отырып «Қазақша сөйлесейік!» бейнесабақтар топтамасы, әлеуметтік парақшаларда (YouTube, instagram, facebook, tiktok) «Тыңдаушымен бір күн», сауаттылықты арттыру, әдеби тіл нормаларын сақтау және жазу емлесін меңгертуге бағытталған «Сауаттылық Time», тыңдаушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілін үйренудің маңыздылығын көрсету және оны күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру мақсатында «Тыңдаушы пікірі», «Сабақтан бір сәт» айдарлары тұрақты жариялануда.
Сонымен қатар тілдік орта қалыптастыру мақсатында құрылған «SŐİLE» (40 отырыс 408 адам ), «Шаңырақ» (4 отырыс, 64 адам) және «RELAX AND LEARN»(2 отырыс 17 адам) клубтарының жалпы 46 отырысы өтіп, 489 адам қамтылды. Клуб отырыстарында және қазақ тілі мен ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллект технологиялары кеңінен қолданылуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.