Тоқаев Ерлан Қариннің жаңа қызметіндегі міндеттерін айқындады

0 32

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.

Айта кетелік Құрылтай Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдаған еді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.