Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы жабылады

0 41

Тұңғыш Президент саябағы жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады.

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы келушілер үшін толықтай жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

— Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады, — деп хабарлады басқармадан.

Алматы әкімдігі жұмыстардың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарлайды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы-1 вокзалын жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.