Халықаралық қарттар күні қарсаңында өңірлік “Қоғамдық келісім” мекемесі жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып, қазыналы қарияларға құрмет көрсетіп келеді.
Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі аталмыш орталыққа барып, қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» мекеме басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова мен Өзбек орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов орталық қызмет алушыларын Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Мерекелік шара барысында «ZAMAN dance» би ұжымы өнер көрсетіп, мекеме қызметкері Қалижан Саркеев ән орындады. Өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында қазыналы қарияларға арнайы сый-сияпаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Қартын ардақтап, үлкенін сыйлаған елдің өнегесі ұрпаққа үлгі. Осындай игі шаралар арқылы аға буынға деген құрмет пен ізет дәстүрі жалғаса бермек.