Қызылша өршіді: Нью-Йорк штатында төтенше жағдай жарияланды

0 38

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул қызылша ауруының таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. 2026 жылдың басынан бері штатта қызылшаның 108 жағдайы тіркелген.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорк билігі қызылшаға қарсы вакцина салатын және тиісті медициналық талдаулар жүргізетін қосымша медицина қызметкерлерін жұмысқа тартуды жоспарлап отыр. 2026 жылы штатта қызылшаның 108 жағдайы анықталған, оның жетеуі Нью-Йорк қаласында тіркелген. Шілде айының ортасынан бері штат билігі ауылдық аудандарда 1 мыңнан астам вакцина дозасын қолданған.

— Губернатор Кэти Хокул 5 қазанда штаттың ауылдық аудандарында, сондай-ақ көршілес штаттарда қызылша жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды, — делінген губернатордың сайтындағы хабарламада.

АҚШ-та қызылша жұқтыру жағдайлары соңғы 35 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегіне сәйкес, жыл басынан бері елде 4 020 жағдай тіркелген. Дәрігерлер аурудың өршуіне халық арасында вакцинация деңгейінің төмендеуін себеп ретінде атап отыр.

Айта кетейік, Бангладеште қызылша індеті өршіп, мыңға жуық бала қайтыс болды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.