Әлемдік нарықта мұнай бағасы құбылды

0 42

Дүйсенбі таңертең WTI және Brent маркалы мұнай бағасы төмендеді. Ал Urals маркалы мұнай қымбаттады.

12 қазан таңертеңгі жағдай бойынша WTI маркалы мұнай фьючерстері 2,05%-ға төмендеп, барреліне 89,97 доллар болды.

Brent маркалы мұнайы 1,73%-ға арзандап, барреліне 102,91 доллар болды.

Ал Urals маркалы мұнай бағасы 4,23%-ға өсіп, барреліне 129,17 долларға жетті.

Мұнай нарығына АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейдің америкалық және әлемдік нарықтарға дизель отынын жеткізуіне қатысты мәлімдемелері әсер етті.

Трамптың айтуынша, Ресей дереу 300 мың тоннадан астам дизель отынын жеткізуі керек. Бұдан бөлек, қараша айында тағы 500 мың тонна, ал одан кейін 1 миллион тонна отын жеткізуі тиіс.

Еске салсақ, Ормуз бұғазында тағы бір мұнай танкері минаға соғылып, өртенген еді.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.