Сарысуда футзалдан республикалық ашық турнир басталды

0 40

Сарысу ауданында еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған 2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында футзалдан республикалық ашық турнир басталды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спорттық додаға биыл 14 команда қатысуда. Атап айтқанда, Түркістан, Ұлытау және Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Жаңатас қаласы, Талас және Жамбыл аудандарынан келген жас спортшылар өзара бақ сынауда.

Бұдан бөлек, жарысқа көршілес Қырғыз Республикасынан арнайы келген 4 команда да қатысып, бәсекенің көрігін қыздыруда.

Үш күнге жоспарланған турнир барысында командалар жеңімпаз атану үшін тартысты ойын өрнегін көрсетеді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып қана қоймай, үздік ойыншылар да арнайы номинациялармен марапатталады. Атап айтқанда, «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша үздіктер анықталатын болады.

Жасөспірімдер арасындағы бұл турнир – спортшылардың шеберлігін шыңдап, бұқаралық спортты дамытуға және өңірлер арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық шара.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.