Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен жылыту маусымының қалыпты әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз ету, қыс мезгілінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау және күзгі екі айлық санитарлық тазалық жұмыстарының орындалу барысын пысықтау мақсатында кеңес өтті.
Кеңесте жауапты сала басшыларының есептері тыңдалып, жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау және елді мекендердегі тазалықты сақтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын уақтылы қардан тазалау, жол қауіпсіздігін сақтау және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы бақылауда болады.