Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясын ашты

0 13

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған алаңда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің ұлттық павильондары орналасқан.

Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда

Экспозицияларда бауырлас халықтардың ынтымақ-бірлігі мен сан алуан мәдениеті, бай рухани дәстүрі көрініс тапқан.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясын ашты
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда

Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Президенттерге киіз үйдің безендірілуіне арқау болған ежелгі түркі өркениеті, соның ішінде сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір салты және заманауи Қазақстанның келбеті жайында мәлімет берілді.

Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшыларының назарына қазақ халқының дәстүрлі саятшылық өнерін паш ететін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы ұсынылды.

Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда

Сондай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон ескерткіштері көрсетілді.

Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда
Түркі әлемі аллеясы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясына ағаш егу рәсіміне қатысты.

https://kaz.inform.kz/news/turk-memleketter-uyimina-mushe-elderdn-basshilari-ankarada-turk-alem-alleyasin-a-6eee6679/

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.