Украинадағы жағдайдың экономикаға ықпал ету сценарилерін әзірлейміз – Әлібек Қуантыров

0 14

Украинадағы оқиғалар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың жұмысы жолға қойылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Украинада болып жатқан оқиғалар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың жұмысы жолға қойылды.

Жедел штабтың аясында көлік және логистика, инфрақұрылым, сауда және қаржылық орнықтылық бойынша жұмыс топтары ұйымдастырылды», -деді Әлібек Қуантыров. Сондай-ақ, ол жұмыс топтарының өзара іс-қимылының белгілі бір алгоритміне сәйкес кәзіргі оқиғалардың сыртқы экономикалық жағдайға салдарын күнделікті мониторингтеу негізінде еліміздің экономикасына олардың ықпалының сценарийлері әзірленіп жатқанын айтты. Осы ақпарат негізінде жедел ден қою шаралары әзірленеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды бастады.

Қазіргі уақытта Министрлік жауапты мемлекеттік органдармен нақты ұсыныстарды пысықтауда.

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген әрбір тапсырмасын толық әрі жедел пысықтайтын болады.

Жолдауды тиімді іске асыру үшін Министрліктің жұмысы бюрократияны болдырмау және нәтижеге бағдарлану қағидаттарында жүргізілетін болады», — деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.