Қазақстанның Еуразия экономика одағы елдерімен өзара саудасы 7,1% өсті

0 29

 2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 25 585,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,1% көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статбюро мәліметінше, былтыр қаңтар-қарашада тауар экспорты 8 632,8 млн АҚШ доллары (22,3% көп), импорт – 16 953,1 млн АҚШ доллары (0,7% көп) деңгейінде қалыптасқан.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1%-дан келеді.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

(млн АҚШ доллары)

Экспорт Импорт
қаңтар-қараша

2021ж.

қаңтар-қараша

2022ж.

қаңтар- қараша

2021ж.

қаңтар- қараша

2022ж.

Ресей 6 334,9 7 801,2 15 779,8 15 806,5
Қырғызстан 615,1 675,7 337,3 349,2
Беларусь 100,8 130,5 707,2 785,4
Армения 9,8 25,4 9,6 12,1
Барлығы 7 060,6 8 632,8 16 833,9 16 953,1

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда радиоактивті химия элементтері бойынша 2,1 есе өсім байқалады.

Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраты бойынша төмендеу байқалады (77,2% аз).

Импортта бидай мен меслин бойынша өсім байқалады – 1,7 есе. Бұл ретте жеңіл автомобиль және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша көрсеткіш төмендеген (76,2% аз).

Leave A Reply

Your email address will not be published.