«Қарызсыз қоғам»: 12 мың алматылық қаржылық сауатын арттырады

0 18

 12 мың алматылық қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өтуге мүмкіндік алады. «Қарызсыз қоғам» жобасы басталғаннан бері мегаполистің 3500 тұрғыны өз қаржысын басқаруды үйренді. Бұл туралы Amanat партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов айтты.

Amanat партиясы іске қосқан «Қарызсыз қоғам» жобасы жоба қазақстандықтардың қаржылық мәдениеті мен кредиттік тәртібін арттыруға арналған пәрменді құрал.

Алматыда аталған жоба 2024 жылдың 5 ақпанынан бастап қалалық әкімшілікпен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

«Биыл жоба бойынша еліміздің барлық өңірінде 200 мың адамды, оның ішінде Алматы қаласының 12 мың тұрғынын оқыту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірлесе қаламыздың 6 мекен-жайы бойынша оқыту өткізілуде. Алматы қаласына 6 қаржы сарапшысы бекітілген. Олар түске дейін жалпы бағдарлама, түстен кейін қатысушының қалауы бойынша жеке кеңестер береді. Жоба қаланың 8 ауданын қамтиды. Оқыту 5 күн болады. Осы уақыт ішінде қатысушылар отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарын басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, тиімді шарттармен несие таңдауды, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренеді», — деді Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәлихатында Қуаныш Төлепов.

Айтуынша, оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары мен жеке кеңесшілер қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік грант пен кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі.

Жоба аясында қатысушылар шоттарына тыйым салынған, қарыздары коллекторлық компанияға сатылған жағдайда немесе несиелік қарызды қайта құрылымдау бойынша білікті заңгерлерден көмек ала алады.

Бұл оқудан офлайн форматта бір топта 100 адамға дейін өтеді.

«Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Жоба қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді. Бәрін осы жобаға қатысып, өзінің қаржылай сауаттылығын арттыруға шақырамын», — деді спикер.

Тегін курстар мен оқудан өтуге ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша Amanat партиясының аудандық филиалына немесе аудан әкімдіктеріне жүгіне алады. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін qogamfin.kz онлайн-платформасы да іске қосылды, ол арқылы сіз оқу курстарына жазылып, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.