2017 жылы  Жамбыл облысында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылды  

0 15

Өткен жылы Жамбыл облысында жалпы сомасы 13,0 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 716 жұмыс орны ашылды.  

Жыл басында алғашқы болып  Байзақ ауданындағы «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС-нің макарон цехы іске қосылды.  Қайта жаңғыртудан өткен кәсіпорында DL-650X автоматикалық желісі орнатылып, кеспенің бірнеше түрі шығарыла бастады. Жобаның жалпы құны- 285 млн тенге, жылдық қуаты- 9 мың тонна. Жаңғыртудан өткен кәсіпорында 60 адамға жаңа жұмыс орны құрылды.  Дайын  өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей және Қытай Халық Республикасына экспортталуда. 

Инвестициялық жобалардың қатарында Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы» ЖШС-нің шұжық өндіру цехы бар. Жобаның жалпы құны -223 млн.теңге. Жылына 3 мың тонна дайын өнім өндіретін кәсіпорында 70 адам еңбекке тартылған.  

Сонымен қатар, аймақта  құны-256,0 млн теңгені құрайтын «Оргстрой» ЖШС –нің  «Гранитты, мәрмәрді және гипсті жаңғырту мен өндіру,  жаңа технология бойынша жарылыссыз блоктарды өндіру» жобасы, «Asa Damu» ЖШС-нің құс фабрикасы, «Қаратау ПРО» ЖШС – нің «Жұқа ұнтақталған толтырғышын өндіретін зауыт құрылысы», «Асылтуз» ЖШС– нің ас тұз өндірітін зауыттардың құрылыстары жүргізіліп, іске қосылған.
 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.