Қара металлургия екінші жыл қатарынан құлдырауда

0 15

Елімізде қара металлургия саласындағы өндіріс 2 жыл қатарынан теріс мән көрсетіп отыр. Болат өндіру 18 пайызға қысқарған. Басты үш өңірдегі өндірушілер арасында Қарағанды облысының металлургиясы ғана оң нәтиже көрсетуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтар-тамызында қара металлурия саласындағы өндіріс ақшаға шаққанда 1,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға кеміді. Өнім көлемі 2 жыл қатарынан төмендеуде. Өткен жылдың 8 айында өндіріс көлемі 6,8 пайызға қысқарған болатын. Дегенмен, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,3 пайыз болды.

Қазақстанда қара металлургия саласындағы өндіріс негізгі үш өңірде шоғырланған: болат өндіретін ArcelorMittal компаниясы орналасқан Қарағанды облысы (442,3 млрд теңге, ақшаға шаққанда жыл ішінде 8,5 пайыз өсім бар); KSP Steel және Ақсу ферроқорытпа зауыты бар Павлодар облысы (286,6 млрд теңге,18,7 пайыз теріс мәнге ие) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жұмыс істейтін Ақтөбе облысы (202,6 млрд теңге, 14,6 пайыз теріс мәнге ие).

Секторда нақты мәнде болат жабындысы бар табақтардан сэдвич-панелдер өндірісі 31,4 пайызға артып, 10,6 мың тоннаны құрады. Жазық илек өндірісі де 11,1 пайыз ұлғайып, 1,7 млн тоннаға жетті. Ал тазартылмаған болат өндірісі 17,5 пайызға, 2,5 млн тоннаға қысқарды. Дегенмен, қоспа болат өндірісі 28,7 пайызға көбейіп, 3,9 мың тонна болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.