ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еркін экономикалық аймақтардың тиімсіздігін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономиканың өркендету үшін қосымша қаражат қарастыру керек. Мен бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында бірқатар міндет жүктедім. Ең алдымен бюджеттегі тиімсіз әрі шығыны көп жобаларды анықтап, одан түбегейлі бас тарту қажет. Еркін экономикалық аймақтардың көпшілігі инвестиция әкелу ісінде тиімді бол алмады деп бірнеше рет айтқанмын.
Ал оларға шамамен жарты триллион теңгедей болатын ауқымды салықтық ынталандыру шаралары берілді», -деген президент сол қолдаулардың қайтарымы болмағанын сынады.
«Нәтижесінде не алдық? Кейінгі үш жылда аталған еркін экономикалық аймақтарда өндірілген тауарлардың көлемі жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызынан да аспайды. Ал олардың экспорттық үлесі тіптен жалпы ел экспортының 0,1 пайызына ғана тең. Осы мәселені реттейтін кез келді. Жаңадан тағайындалған индустрия министрі бұл түтйкілдің шешімін табады деп ойлаймын. Еркін экономикалық одақтардың басшылығы пайдалы әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға құлықты емес. Олардың әкімшіліктерін тәртіпке шақырыңыздар. Үкіметке бір ай уақыт беремін. Заңға өзгеріс енгізуден бастап қажетті шараның бәрін қабылдаңыздар. Іштен және сырттан инвестор тартыңыздар», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.