Беларусь, Латвия және Литва шекарасында 700-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды. Оның ішінде біздің еліміздің жүк көліктері де бар. Сыртқы істер министрлігі аталған жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.
«Біздің елшіліктер, Көлік министрлігі және Беларусь, Латвия және Литва билігімен мәселені шешуді пысықтап жатырмыз. Жүк көліктерінің тұрып қалатыны болжанған», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
СІМ мәліметіне сәйкес қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері шекарада 7-8 күн бойы кезекте тұр.
Оның айтуынша, бейінді ведомстволар қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Айта кетейік, Айбек Смадияров Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы барын айтқан еді.
Сондай-ақ, брифингте Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жібергені айтылды.