2025 жылы республикалық бюджет тапшылығы елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызын құрайды

0 2

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылға арналған республикалық бюджет мынадай:

1) кiрiстер – 21 392 054 673 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша – 15 193 343 932 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша – 435 325 855 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 5 200 000 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 758 184 886 мың теңге;

2) шығындар – 25 193 022 392 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 252 140 981 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 510 480 002 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 258 339 021 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша

сальдо – 46 891 300 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу – 46 891 300 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – -4 100 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -10 999 700 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,3 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 4 100 000 000 мың теңге.

Қаулы жобасы 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.