Сәрсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,49 долларға төмендеп, 61,12 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,39 долларға арзандап, баррелінің бағасы 52,62 доллар болды.