Алпысбай қарт:ешкі мен Изабель

0 348

Параграф 4.
Изабель Гарсия Веласкес
Немересінің ауыл балаларымен ойнап жүргенін көріп,
бақшада тұрған Алпысбай үйге шайға кірейін деді. Бір-екі жерін
суғарса бітті, бақшадағы тірлік те бітеді. Келінге ет асыңдар
деген, кешке Қанатпен бір емін-еркін отырғысы келіп еді.
Қанаттың да ауылға келіп, малды болып, шаруасын шырқ үйіріп
кеткеніне бір айдан асып кетті. Әскердегі ұлы қайтып келіп,
«Папа, ауылда тұрамын» депті. Стройбатта болған ау деймін, 3
келе салып ескі үйдің маңынан дәу, сықырлаған жаңа үй
тұрғызып жатыр. Қолынан іс келетін бала екен. Қанаттың
Алматыдағы үлкен ұлы үш бөлмелі өз пәтерінде үйлі-баранды,
олар үшін де уайымдамайды. Тек кемпірі әлі Іргеліден
қырсығып шықпай отырғаны болмаса. Қырсық кемпір қайда
барады, айналып өз үйірін табар деді де қойды.
Алпысбайдың ұлы Біржан өткенде АҚШ-қа ұшып кеткен.
Майкрософт пен Гуглдың үлкен форумы болады. Соған Біржан
Орталық Азиядағы жаңа технологиялар туралы баяндама
жасайды екен. Әй, осы қалып қоймасын сонда деп, келінге қарап
күледі.
Ее, Америка де. Кезінде жау еді. Біржанға күліп отырып,
өзінің Кубада қалып қоя жаздаған бақытты сәттері еске түсті.
Шәй құйып отырған кемпірінің орнына кофе құйып отырған
Изабель елестеді. Изабель Гарсия Веласкес-Оңғарбаева))) Әлі
есінде, Алькисар провинциясының коменданты Изабельге
«Doña Isabelle Ongarbaeva» деп қағаз жазып беріпті. Енді сен
доннасың, сенің заңды күйеуің бар, көшеде емін-еркін жүре
аласың дегені ғой.
Алпысбай еш уақытта өткенге өкінбейтін. Өткенді көп
ойлай да бермейді. Уақыт бәрібір қайтып келмейді. Өкінбе. Тек
сабақ ал дейтін өзіне. Бірақ, Изабель…
Изабель арада 40 жыл өтсе де, оны еске ала беруге лайық
болатын.
«Abrazame y nunca me sueltes» деп сыбырлайтын еді
Изабель. Мені құшақта да, ешқашан босатпа.
Алпысбай ұзақ ойға шомды.
АҚШ пен КСРО арасындағы қырғиқабақ соғыстың ең
шарықтауына жеткен жері Куба болды. Тарихта «Кариб кризисі»
деген атаумен белгілі. Тіпті ядролық соғыс бүгін-ертең
басталады, әне кетті, міне кетті деп алаңдап отыратын уақыт еді. Алпысбай сол Кариб кризисінің ауылдастары біле
бермейтін, барлық мәліметтері архивте құпия сақталып жатқан
белсенді қатысушысы. Әскердегі темірдей тәртіп қой. 40 жыл
бұрын командирлер Кубаға барғандарың туралы ешкімге тіс
жармаңдар деді. Содан бері КСРО құлап қалды. Ал бұл әлі күнге
дейін үндемей келеді. Сұрап жатқан адам да жоқ, алда-жалда
сұрап қалғандарға подлодкамен әрі-бері жүрдік дейді. Болды.
Бұлар дизель подлодкамен Кубаға 35 күн жүрді.
Жиырмасыншы күні теңіз суын тұщытатын аппарат сынды.
Тағы бір аптадан кейін сулары таусылды. Әр солдаттың жеке
фляжкасы бар еді, біреуде су бар, біреуде су біткен уақыт.
Америкамен емес, енді өзара суға соғыс басталды.
Вахтаға дайындалып жатса, бірге служить ететін Иван
Беровский деген аға матростың өлім аузында жатқанын естіді.
Солдат сусырап өлейін деп жатыр. Негізі ертең экипаждың тең
жартысы да өледі. Алпысбайда қалғаны бір жұтым су ғана.
Командирге келді.
— Кетов жолдас!
— Не болды, капитан Оңғарбаев?
— Беровскийге бір жұтым суымды апаруға рұқсат етіңіз.
— Өзің ше?
— Еркек тоқты құрбандық деген. Қазақ жігіттері өлімнен
қорықпайды. Көппен бірге көремін.
— Рұқсат.
Алпысбай Беровскийді өлім аузынан алып қалды. Иван
Калининградта осы күндерге дейін Алпысбайды еске алған
деседі. «Меня спас казах из далеких степей. Мои дети и внуки,
помните об этом» деп өсиет жазып кеткен екен.
Бірақ Алпысбай шын мәнінде сол кемедегі 70 адамды
ажалдан алып қалған еді. Өзі дала баласы болғандықтан,
командирге уставтан тыс, таптырмайтын ақыл берді. Мұхиттың
суы ащы десе де, бірақ су буланғанда тұщыланады. Тұзы түбінде
қалып қояды. Теңіздің суын қайнатып, одан шыққан буды тұщы суға айналдыратын құралды қолдан жасайық деді. Оны екі
матроспен бірлесіп, тез арада әзірлеп шықты. Соның арқасында
ауыздары суға тиіп, экипаж аман қалды.
Олар әрең дегенде Кубаға жетті. Кешке Алькасардағы
әскери базадан қаланы көрейін деп сұранып шықты. Сол кезде
теңізге қарап отырған Изабельді көрді.
Изабельді қалай суреттесем екен. Мен негізі қыздарды
суреттей алмаймын. Бірақ жеткізіп көрейін.
Сұлулығы сондай, ер адам есін жоғалтып алар еді. Тіпті
Изабель қазір Алматыға келсе, Алматының бар жігіті оның
аяғына жығылар еді. Ол үшін жігіттер карьерасын, үйін, қатынбаласын,
бәрін тастап кетер еді. Қайдағы қызмет, қайдағы
акимат, қайдағы коттедж, мен Изабельмен өз бақытымды
таптым деп ешкім тұрмайтын аралға кетіп қалуға, бәрінен бас
тартып, өмір бойы кокос жеп далада тұруға да дайын болар еді.
Изабель саған бір қараса, бір жымиып күлсе, сен үшін соның өзі
бақыт болар еді бауырым. Тіпті мен оны көрген жоқпын.
Алпысбай ғана көрді, оның еріндерінің дәмін Алпысбай ғана
татты. Ешкімге бермеген жүрегін Изабель Алпысбайға ғана
сеніп тапсырды.
Бой десе бойы бар, кең иықты, сымбаты келіскен қазақ
капитаны, офицер Алпысбай Изабельге де бір көргеннен ұнаған
еді. Осы «сезімнің нәзік қылдары дірілдеді» деп жазып жатады
ғой, ақын-жазушылар. Соны кім шын түсінді? Бір көргендегі
махаббат тоқ ұрғандай болады. Кәдімгі шым етіп ұрады.
Ғалымдар оның химиялық процесс екенін дәлелдепті. Алпысбай
Изабельді, Изабель Алпысбайды көргенде бір химия болғаны
сөзсіз.
Бірін-бірін түсінбейді. Ыммен ұғынысады. Кейін ғана
Алпысбай испанша шала түсіне бастады. Te quiero (мен сені
сүйемін) деп сыбырлайтын құлағына. Маған үйлен деді Изабель.
Бұл келісті.Алпысбайдан басқа Алексей Самаров дейтін капитанлейтенант
та өзіне жар тапты Кубадан. Оның қызы асау ару
Консуэла еді. Алпысбай оны Күнсұлу дейтін. Теңіз жағасында
төртеуі бірге қыдырушы еді. Изабель мен Консуэла баяғыдан
бері бірін-бірі танитын, тіпті аталас ағайындар екен. Қонаққа
шақырып, нағыз ауылға жаңа түскен келіндей кезектесіп кофе
құяды. Gracias señorita.
Изабель пысық. Комендантқа барып неке қағазын жасатып
алыпты. Фамилиясын Оңғарбаева деп жаздырыпты. Енді
Алпысбай ресми түрде Кубаның күйеу баласы болды. Изабель
анасымен жалғыз тұрады екен. Әкесін көше бандиттері өлтіріп
кеткен. Анасы плантацияда, өзі медбике болып істейді. Бұл
казармадан сұранып алған. Изабельдің жанында. Сөйтіп
бақыттан басы айналып жүргенде, КСРО Қорғаныс министрі
Родион Малиновскийдің Кубадағы кеңес әскерлері елге
қайтсын деген бұйрығы бұрқ етті. Опа, енді не істейміз?
Алпысбай Изабельді алып, командующийге жүгірді. Мәнжайды
түсіндірді. Алпысбай үйленген. Ол Кубада қалуы керек.
Осында жүріп, Алпысбай коммунизм үшін күреседі. Ленин,
Маркс идеяларын дамытады. Ол осында отырып АҚШ-қа сес
көрсетеді. Махаббат не істетпейді. Алпысбай Ленин мен Марксті
алға тартып, Изабельдің жанында қалу үшін керемет
коммунисттің рөліне кіріп ойнап кетті. Командующий толқып
кетсе керек, Генштабпен хабарласып, тек бір адамды қалдыруға
рұқсат алды. Ол адам Алпысбай болып жазылды.
Кубаның жұлдызды түні. Алпысбай жата бергенде, есік
сықыр етіп ашылды. Изабель сменада, тек таң ата келеді. Бұл кім
болды дегенше, бір қыз мұның аяғын құшақтап, жылап, отыра
кетті. Жылап отырған, Алпысбайдың аяғына жығылып
жалынып отырған жан Консуэла еді. Испанша бар білгенінен
түсінгені Алексейден екіқабат екен. Алексей кетсе, өзіме қол
жұмсап, теңізге батып өлемін дейді. Командующий тек бір адам
қалатынын айтып, Алпысбаймен келісіңдер деп жіберіпті.
Подлодка екі сағаттан кейін жүреді. Общым, не Алпысбай
қалады, не Алексей қалады. Енді қайтпек?
Изабельді құлай сүйді. Өлердей сүйді. Жанындай сүйді.
Жұлдызы да, бақыты да Изабель. Қаршадай қазақ баласы
мұхиттың арғы жағында тұрса да, адалдықтан, кісіліктен
ешқашан аттамайды. Сондықтан Алексей мен Консуэла
бақытты болсын деді. Өз бақытын осылар үшін қиды. Изабельге
асығыс хат жазды да, подлодкаға кетті.
«Мен сені сүйемін. Ешкімге қимайтын, бермейтін алтыным
менің. Бірақ басқа адамды бақытсыз қылып, оның жанында өзім
бақытты бола алмаспын. Сенсіз өмір сүре алмаймын, сондықтан
елге барып өмірден кетемін деп шештім. Мән-жайды Консуэла
түсіндірер. Қош бол, Изабель! Жаным менің… Алпысбай».
Самаровты подлодкадан шығарды да, арқасынан қақты.
Бақытты бол бауырым!
Сол күндер естен кетпейді. Изабельмен одан кейін
хабарласа алмады.
Алпысбайдың қалай шешім қабылдағанын Изабель
Консуэладан естіген еді. Құсадан қан жұтты. Махаббат тарихын
Historia De Un amor деген өлең шумақтарына жазып қалдырды.
Осы өлеңде Алпысбайға деген махаббаты мен бар сағынышы
жыр болып жазылған еді. Өлең ғашықтар гимніне айналды.
Бірақ Алпысбайсыз Изабель бақыт таба алмайтынын біліп,
теңізге батып кетті. Изабельден естелік ретінде тек өлеңі қалды…

Жалғасы бар.

Авторы: Айбар Олжаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.