ZHAMBYLNEWS — Қаратау қаласындағы 44 қоқыс жиналатын алаңшалар жаңартуды қажет етеді. Бұл туралы Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
«Тұрмыстық қатты қалдықтардың жиналуы, уақытында шығарылуы қиындық туғызып жатады. Ауылдарда бұл мәселе біршама реттелген. 24 полигонның құжаттары рәсімделіп, екеуінен басқасы қоршалған. Қаратау қаласындағы 44 қоқыс жиналатын алаңшалар жаңартуды қажет етеді. Жаңадан алаңша салынуы тиіс жерлер бар. Жеке сектордың кейбір көшелеріне контейнерлер қою керек. Осыған байланысты жаңа техника алу, жаңа алаңшалар тұрғызу қолға алынды» — делінген жазбада.