Ветеринария ісі- қауіпсіздік кепілі

0 10

Жыл басынан бері Тұрар Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мысалы тамыз айынан бастап жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөнінде 2021 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, тамыз айында егілетін профилактикалық яғни қан алу, егу, бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен орындалуда.

Атап айтқанда, жыл басынан бері сібір жарасына қарсы барлық егілген мал басы 452 950 басты құрайды. Оның ішінде МІҚ малға — 35900 бас, ұсақ малға -398000 бас, жылқы-16000, шошқа-3000 және 50 түйеге егілген.

Жалпы, ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты- шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізіп, қауіпті індеттерден адамдарды сақтандыру, инфекциялық, инвазиялық мал ауруларына кедергі қою, мал шығындарын азайту арқылы шаруашылықтарға келетін зиянды барынша азайту, жануар өнімдерінің өнімділігін арттыру және саулығын сақтау.

Осы орайда, аусыл вирустық ауруына 35870 ірі қара мал басына, ұсақ малдарға 478000 бас, 14000 шошқа мал басына егілген. Сондай-ақ,лептоспирозға қарсы 33000ірі қара мал басы, 70 000ұсақ малдарға, 1300жылқыға және 15682 шошқаға егілсе, пастереллезға қарсы 5000ірі қара мал басына, 100000ұсақ мал, 1300 жылқы және 3000 шошқа малына салынған.

Жылдан жылға ауданда мал басы артып келеді. Эпизоотиялық жағдай да тұрақты. Төскейде өрген төрт түлікке тосыннан келген кесел болса мал дәрігерлері көмекке әзір. Аудандық ветеринариялық станцияда 150 дәрігер қан алу, егу, бірдейлендіру, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары мемлекет есебінен тегін жүзеге асыруда. Барлығы да заманауи құрал-сайманмен жабдықталған. Ауылдық округтер ветеринариялық пунктпен мал емдеуге арналған арнаулы егу емдеу алаңымен қамтамасыз етілген.

Осы жұмыстардың нәтижесінде көптеген індеттердің алдын алу бағыттарында, тиісті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік тудырып отыр.

Ветеринария саласының рөлі тек қана ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қоса экономикалық, биологиялық, медициналық тұрғыдан да маңыздылығы жоғары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.