Сарысуда қарияларға құрмет жалғасуда

0 3

Сарысу ауданында Қырғыз этномәдени орталығының жетекшісі Алтай Әбдірахманұлын туған күнімен аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Арнайы құттықтауын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова жеткізді.

Қариялар күні және туған күнімен құттықтап, сый-сияпат тарту етті.

Өзін елеп жатқан аудан басшылығына Алтай Сатыбеков жыр жолдарымен алғысын жеткізді.

Ауданда суырып салма ақындық қасиетімен танымал, еңбекқор, өзін мен Қазақпын деп таныстыратын Алтай қария жайлы қысқаша тоқталып өтсек.

Ол 1947 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Билікөл ауылында (Қарабастау) дүниеге келген.

1966 жылы Қырғызстан Республикасында Қырғызстан мемлекеттік физкультура институтын бітірген. Отбасылы. 2-ұл, 2 қыздан жеті немере көріп отырған бақытты әке.

Өзінің құрметті демалыста жүргеніне қарамастан, әлі де еңбек етіп зейнетке шыққан ел қарияларымен кездесулер мен басқосуларға ат салысып, қазіргі уақытта Сарысу ауданының «билер кеңесінің» мүшесі.

Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге.

Мұның тәрбиелік мәні зор. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ алдыңғы толқын ағалардың өнегелі ісін бойына сіңірсе – еліміздің ертеңі жарқын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.