Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды

0 13

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Рүстем Рысбайұлы жұмыс сапарымен Сарысу ауданында болды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев облыс әкімінің орынбасарын ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасары Саудакент ауылдық ауруханасының және осы ауылдағы Б. Адамбаев атындағы орта мектебінің қысқа дайындығын көріп шықты.

Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов аудандағы білім беру мекемелерінің қысқа дайындығы туралы баяндап берді.

Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік және өзге де нысандарды жылумен қамтамасыз етіп отырған Орталық қазандықтың жылу беру маусымына дайындығымен мұқият танысып шықты.

Осы жерде аудан әкімінің орынбасары О. Көкей ауданның алдағы қыс маусымына дайындығы туралы, ал Жаңатас қаласының әкімі Д. Борсықов Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлердің қысқа дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, сапар барысында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудан, №41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары таныстырылды.

Құрылыс жұмыстарының барысы туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Д. Шалбаев айтып берді.

Сапар соңында Автоматтандырылған газ тарту станциясының жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Дәулет Рүстем Рысбайұлы Сарысу, Талас аудандарының «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы» бірлескен штаб отырысын өткізу үшін Қаратау қаласына жол тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.