Комплаенс қызметкерлеріне дәріс өткізілді

0 3

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облыстық филиалының профессоры Бекмұхан Ахметовпен комплаенс қызметкерлеріне «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің түсінігі мен негізгі қағидалары» атты тақырыбында дәріс өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабында «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады» — делінген.

Аталған тапсырмаға сәйкес квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұл норма квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті түрде, ал бизнестің жеке таңдауы бойынша қолданылады. Осылайша, Жамбыл облысындағы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты комплаенс қызметі құрылды. Сәйкесінше комплаенс қызметін жүргізуге жауапты мамандары айқындалып, жұмыс жоспарлары құрылды.

Онлайн форматта өткен дәріске облыстың барлық ауданынан 50 квазимемлекеттік мекеменің комплаенс қызметіне жауапты мамандары қатысты. Дәріс барысында комплаенс қызметін жүзеге асырудың тиімді тәсілдері туралы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.