Жуалы  ауданында  «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді

0 19

Жуалы  ауданында  «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жоба құны 234​ 816,2 мың теңгеге жалпы ұзындығы 13,153 шақырымды құрайтын 10 көшеге орта жөндеу жұмыстары және жергілікті бюджеттен​ 144​ 070.0 мың теңгеге 3,9 шақырымды 4 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Баса айтатын мәселенің бірі ел ішінде «Тесік көпір» аталып кеткен аймақта орналасқан Рысбек батыр көшесіне де жаңа асфальт жабындысы төселіп жол жиегі кеңейтілді. Келесі жылы аталған аймақта орналасқан темір жол өткелін кеңейту жұмыстары жоспарлануда. Бұл аймақ машинаның тығыз жүретін жері болғандықтан тұрғындар үшін көңіл қуантар жаңалықтың бірі.

Сонымен қатар, тіршіліктің көзі саналатын ауыз су мәселесіде өз шешімін табуда. Жаз маусымы бастылысымен сусыз қалатын Көлбастау және Қайрат ауылдарының тұрғындарына ауылдың жоғарғы жағынан тереңдігі 150 метрді құрайтын 2 бірдей ұңғыма қазылды. Қайрат ауылынан қазылған ұңғыма арқылы ауыл тұрғындарына қосымша су беріліп ауызсу қысымы жоғарылады. Ал Көлбастау ауылынан қазылған су ұңғымасы арқылы аталған ауыл мен қатар Б.Момышұлы ауылына қарасты Қонаев, Жамбыл, Тәуелсіздік, Бәйдібек батыр, Қойгелді батыр, Ш.Қалдаяқов, Желтоқсан, 8Наурыз, Ынтымақ, Боранды көшелеріне қосымша ауыз су беріліп, ауыл тұрғындарының талап тілегі орындалып, ауыз су қысымы артты. Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылының Мұнайшы, Похомов, Мұханов көшелеріне ауызсу құбыры тартылса Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылы мен Ақсай ауылдық округіне қарасты Диқан ауылына және Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылының Ә.Рысбек, Қ.Рысқұлбеков көшелеріндегі ауыз су құбырларына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. ​

Leave A Reply

Your email address will not be published.