Шу ауданында тағы бір сауда үйінің ашылу салтанаты өтті

0 15

Шу ауданында тағы бір сауда үйінің ашылу салтанаты өтті. Аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Сауда-Сервис» ЖШС-ның директоры А.Қойшыбековтың бастамасымен салынған замануи үлгідегі «Sulpak» тұрмыстық техника және электроника сауда үйі 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып, тұрмысқа қажетті заттарды тұтынушыларға қол жетімді бағаларымен ұсынуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сауда үйінің ашылу салтанына аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов және Шу ауданының бас имамы Б.Әмреев қатысып аудан тұрғындарын құттықтады.

Бүгінде аудан көлемінде шағын және орта бизнесті ауқымды дамып келеді. Сауда-кез-келген мемлекеттің экономикасындағы маңызды құрамдастардың бірі. Кәсіпкерлік саласының өркендеуі аудан тұрғындарының әлеуетін арттырады. Қәзіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді. Бұл сала халықтың өмір сүру динамикасын талдауға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.