Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында Данара Аташбек 1-орын иегері атанды

0 3

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ІV желілік спартакиадада мектеп намысын қорғаған Данара Аташбек 7-9 сынып оқушылары (қыздар) арасында жеңіске жетіп,1-орын иегері атанды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бала кезінен тоғызқұмалақ ойынын қызыға ойнайтын Данара бүгінде талай жетістіктерге жеткен. Облыстық, қалалық жарыстардың жеңімпазы,спорт шеберлігіне үміткер.

Спартакиадада Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев, Орал қаласындағы спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімі жаттықтырушысы Бауыржан Шурин, тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Кусаинов төрешілік етті.

Қашықтан өткен ұлттық интеллектуалдық ойынға NIS-тің 90 оқушысы қатысып, білімдері мен тәжірибелерін шыңдады. Данараны жеңісімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.