Сарысу ауданында сақтық пен тазалық жалпы қауіпсіздік шаралары өз деңгейінде жүргізілуде

0 10

Күнделікті Сарысу ауданында түсіндіру, алдын алу, сақтық пен тазалық жалпы қауіпсіздік шаралары өз деңгейінде жүргізілуде. Осы түсіндіру тобына ауданда жасақталған еріктілер де қосылып, сақтықты күшейте түсуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Осындай мақсатта бүгінде еріктілер құрамы қала мен ауылдарды аралап шықты. Аралау сәтінде көп жиналатын әлеуметтік ныандар мен базар, сауда дүкендерінде де болды.

Таралуы тез қауіпті індеттің алдын алу шараларын жиі жасап, бетпердені пайдаланып, қолды кір сабынмен жиі-жиі жуып, үйдің ауасын жиі ауыстырып отырған жөн екендігі де айтылды.

Хлорланған сумен бөлме едендерін күніне кемінде үш мәрте жуып отыру қажет. «Сақтанғанды-сақтаймын!», демекші төтенше жағдай кезінде аса сақ болуымыз керектігі баса айтылып, қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылды.
Айтылу мен түсіндіру жұмыстары аз жүргізіліп жатқан жоқ. Тек енді өзіміз мән беріп, сақтықта қорлық жоқтығын, екпе салдыру арқылы ғана өзімізбен бала шағамызды қауіпті індеттен сақтандыра алатынымызды ескеруіміз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.