Жамбыл ауылдық округіндігі төрт елді мекенде Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай » Даланының дархан көңіл ақыны — Жамбыл» атты театрландырылған әдеби музыкалық кеш және спорттық іс шаралар өтті. Кешті № 18 А. Қосанұлы атындағы тірек мектеп директоры Б.Бектұрғанов ашып құттықтау сөз сөйледі , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Осы кеште округ аумағындағы «Ертөстік, Айым және № 18 А. Қосанұлы» аттындағы мектептің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Кеш өте әсерлі өтті, өнерпаздар көрермендерге Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа оқып көріністер көрсетті, сонымен қатар жас бишілер тобы өз өнерлерін ортаға салды.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Е. Байболсынов және ақсақалдар төрағасы М. Узбеков кеш ұйымдастырушыларына алғыс айтып кештің жас, өсіп келе жатқан ұрпақтарға берер тәрбиелік мәні үлкен екенін айтып, алдағы уақытта осындай кештер жиі ұйымдастырып өткізіліп тұрса абзал екенін айтты. Өнерпаздарға сәттілік тілеп , биік белестерден көріне беруіне тілек білдірді.